«Орда» тобының әншісі кино түсірді

Фотография - «Орда» тобының әншісі кино түсірді

«Орда» тобының әншісі Ерболат Беделхан «Тыйым салынған билер» атты фильм түсірді.

307 0

«Орда» тобының әншісі Ерболат Беделхан «Тыйым салынған билер» атты фильм түсірді.

Аталмыш туынды бүгіннен бастап отандық кинотеатрларда көрсетіле бастайды.

Бұл - ел алдында ән салып, би билеп жүрген Ерболат Беделханның режиссер ретіндегі алғашқы қол­таңбасы. Сондықтан жаңа еңбек сапалы деңгейде жарық көруі үшін «Orda Brothers» компаниясы мен «Jado Productions» продюсерлік ор­талығы бірігіп тер төккен. Дайындық ша­раларына бір жылдан астам уақыт жұмсалған. Ал түсіру алаңындағы жұмыс 24 күнге созылыпты.

Бір айға жуық «Орда» тобының ән­шілері ел алдында өнер көрсетуді тоқ­тата тұрған. Сөйтіп, елімізде бұ­рын-соңды қолға алынбаған жо­ба­ны өмірге әкелген. Бірден айта ке­тейік, бұл фильм - Қазақстан киноиндустриясы мен шоу-бизнес саласындағы биге қызығатын, биді өзіне өмірлік серік санайтын жас­тарға арналған алғашқы кино кар­тина. Фильм режиссері Ерболат Бе­делханның айтуы бойынша, би билеу - әуесқойлық қана емес, соны­мен қатар өзіңді-өзің қа­лып­тастыру, салауатты өмір салтын ұс­тану жолындағы үлкен еңбек.

Фильмде барлық кейіпкерлерді Константин Дихнов, Зарина Байк­е­нова, Жұлдыз Сапарғалиева, Ербол Семқұлов, Ахмет Ахметов, Sito, Нұр­лан Әлімбеков сынды бишілер сом­дайды. Кейбіріне өз рөлін түсірілім алаңында ойнап үйренуге тура кел­ген. Өйткені режиссердің айтуынша, біздің елімізде заманауи би билей­тін биші-актерлер жоқтың қасы.

Жалпы, фильмдегі тар­тыс бірнеше би ұжымының ара­сында өтеді. Кейіпкерлер билей жүріп, ғашық болады, бір-бірімен бәсекелес болып, тартысады. Қыр­ғи-қабақ танытып, қайта достасады. Сәтсіздікке ұшырайды.

«Тыйым салынған көше би­ле­ріне құмар бишінің бар өмірін көр­­сетуге тырыстық. Осындай жас­тар­дың талпынысы немен басталып, қа­лай аяқталатынын көрсеткіміз кел­ді. Әдетте, биші мамандығы біз­дің қоғамда лайықты бағалана бер­­мейді. Оларға жеңіл-желпі қа­райтындар көп. Мамандық қа­та­рына кіргізбей, әуесқойлық деп қа­­на санайды. Бишілердің өнері бас­қа шығармашылық иелеріне қа­рағанда, әлдеқайда төмен сатыда тұ­рады. Мен мұның барлығын өз ба­сымнан өткен соң айтып отыр­мын. Мені де түсінгісі келмей, сыр­тым­нан сөз қылғандар жеткілікті бол­ды. Осы мәселеге тоқталып, би­шілер өміріне тереңірек үңіл­генім­нің де бір себебі сол. Көрерменнің, қоғамның көзқарасын өзгертіп, адамдар арасында жаңаша ой қа­лыптастырсам, жастарға рухани демеу берсем деймін. Өйткені биге құмар жастардың көбі ата-ана­лардың, айналадағылардың қар­сылығына төтеп бере алмай, сүйікті ісінен бас тартуға мәжбүр болады. Мен өз фильмім арқылы бидің бос жүрген жастардың ермегі емес, нағыз өнер, нағыз кәсіп екенін дәлелдегім келді», - дейді режиссер.


Тегтер:

орда тобы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!