І халықаралық «Astana Piano Passion» фестиваль-байқауы өтеді

Фотография - І халықаралық «Astana Piano Passion» фестиваль-байқауы өтеді

Астанада жас пианистердің І халықаралық «Astana Piano Passion» фестиваль-байқауы өтеді

284 0

Елордада үстіміздегі жылдың 10-16 мамыр күндері жас пианистердің І халықаралық «Astana Piano Passion» фестиваль-байқауы өтеді.

Бұл туралы «ACCORDI DI ASTANA» қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлады. Оған 18 жасқа дейінгі өнерпаздар қатысатын болады. Жалпы жүлде қоры 50 мың АҚШ доллары болмақ. Сондай-ақ балғын орындаушылар Астана әкімінің және байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуевтің атынан арнайы жүлделер тағайындалып, Францияның Анси қаласындағы  «Crescendo» және «Annecy Classic», Иркутск қаласында өтетін «Байқал жұлдыздары» фестивалдарына қатысуға, Суздаль қаласындағы жазғы лагерьге жолдама беріледі, сондай-ақ қазақ композиторларының шығармаларын үздік орындағаны үшін сыйлық тағайындалмақ. Ұйымдастырушылар оқыту гранттарын қарастыруы да мүмкін. 2013 жылғы 10 қаңтардан бастап фестиваль-байқауға өтінімдер қабылдана бастады. Астана қаласында құрылған арнайы комиссия 10 наурыз бен 30 наурыз аралығында іріктеу турын өткізеді, оның қорытындысымен фестиваль-байқауға қатысушылар анықталмақ.

Жас пианистердің І халықаралық «Astana Piano Passion» фестиваль-байқауының мақсаты - фортепианолық өнер саласында жаңа таланттарды іздеп табу, ұлттық фортепиано мектебінің дәстүрлерін нығайта түсу, ұлттық мектептердің дәстүрлері мен халықаралық алмасуын жалғастыру болмақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!