Қазақстанда «Ал, ажырасайық» деген бағдарлама шықпақ

Фотография - Қазақстанда «Ал, ажырасайық» деген бағдарлама шықпақ

Қазақстанда «Кел, үйленейік» секілді «Ал, ажырасайық» деген бағдарлама шықпақ

190 0

Қазақстанда «Кел, үйленейік» (Давай поженимся!) телебағдарламасы секілді «Ал, ажырасайық» (Давай расстанемся) деген бағдарлама шықпақ. Бірақ, бұл интернет жоба. Жоба авторлары – психолог Юлия Соколова мен журналист Влад Длиннов. Мұнда некелескен жандарды неке сарайына қайта жібереді. Әрине, ажырастыру үшін. Олардың айтуынша, мұнда келген ерлі-зайыптылар бар сырын жайып салып, жылап алады екен. Ал, түсірілімнен кейін екінші мұндай қателік жасамауға бел байлайды екен. 

«Қазіргі қоғамда адамдарда екі түрлі қиындық бар. Бірі – жалғыздық болса, бірі – сәтсіз неке. «Кел, үйленейік» жалғыз бастыларға жұп тауып берсе, біз бірін-бірі сүймейтін, жараспаған жұптарға арнап «Ал, ажырасайық» деген бағдарлама аштық. Олар некеде жолы болмаған жандар. Біз Влад екеуміз осы бағдарлама арқылы елге көмек қолын созғымыз келеді. Керек кеңес беріп, жолдарын ашуға тырысамыз. Бағдарламаға қатысу үшін ешқандай талаптарды орындамайсыз. Біз қатысушыларға ғаламтор арқылы бағдарламаны көрсететінімізді ескертеміз» дейді Юлия Соколова «Экспресс К» басылымына берген сұхбатында. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!