Бүгін - Дүниежүзілік Битлз күні

Фотография - Бүгін - Дүниежүзілік Битлз күні

Дүниежүзілік Битлз (The Beatles) күні 2001 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның шешімімен атап өтіледі

6248 0

Дүниежүзілік Битлз (The Beatles) күні 2001 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның шешімімен атап өтіледі.

1957 жылы 16 қаңтарда Ливерпульде «The Cavern» клубында, сол кезде әлі ешкімге беймәлім жас музыканттар Джон Леннон, Пол Маккартни және Джордж Харрисон өздерінің жұлдыздық сәттеріне қадамдарын бастады. Бірнеше жылдан кейін оларға тағы бір болашақ «битлз» Ринго Старр қосылды.

Кейінірек, 16 қаңтар күні «The Beatles» тарихында тағы бір елеулі оқиға болды: 1964 жылы осы күні «Cashbox» журналы «I Want To Hold Your Hand» әніне американдық хит-парадта бірінші орын берді. Ол уақытта ән небәрі 10 күннің ішінде миллиондаған тиражбен тарап үлгерген еді.

Бастапқы құрамда «The Beatles» сегіз жыл жұмыс істеді. Бұл уақыт ішінде олар ресми түрде 13 альбом шығарды, олардың барлығы хитке айналды. Жолдарын американдық рок-н-ролл классиктеріне (олар Элвис Преслидің шығармашылығын үлгіге алды) еліктеуден бастаған музыканттар бірте-бірте өз стильдерін тапты.

Топ әлемдік танымалдылыққа «Please Please Me» синглі шыққан 1963  жылы ие болды. Осы уақыттан бастап дүниежүзінде «битломания» пайда болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!