Қайрат Нұртас: Жеке өмірім жұмбақ күйінде қала берсінші

Фотография - Қайрат Нұртас: Жеке өмірім жұмбақ күйінде қала берсінші

Қайрат Нұртас жеке өмірі туралы тіс жарғысы келмейді

183 0

Қайрат Нұртас жеке өмірі туралы тіс жарғысы келмейді. Белгілі әншінің өзі бұл туралы басылымға берген сұхбатында мәлімдеген.

Басылымның ынтызар бол­ған қыздардың сезімін қалай қабылдайсың деген сауалына жас әнші "Бастапқыда мұндай жайттар мен үшін қызық еді. Қазір қалыпты жағдайға айналып, етім үйреніп кетті. Соғылған қоңыраулар мен келіп жатқан смс-терде сан жоқ. Кейде өмірдің бар екенін ұмытып, қатты ынтызар болған қыздарды көріп: "Жаным-ау, маған несіне ғашық боласың?", – деп айтып жатамын", - деп жауап берді.

Жеке отбасы туралы сұраған газет тілшісіне Қайрат бұл бәрінің өзіне жиі қоятын сұрағы екенін мойындап, "Өзімнің жеке өмірім жұмбақ кү­йінде қала берсе деймін. Біреу ажырас­ты дейді. Біреу тағы басқаша айтады. Әр адамның өмірінде бір жұмбақ нәрсе болады ғой. Сондықтан осы күйінде қала берсінші", - деп қысқа қайырды.

Әнші сондай-ақ жуырда сазгер Арман Дүйсеновтің шаңырағындағы той­дан кейін "МузАрттағы" әріптестерімен бірге демалып, сонда Мейрамбек Беспаев өзі тағып жүрген алтын са­ғатын әріптес інісіне (Қайратқа - ред.) сыйлағанын айтты.

"Кіш­кентайымнан Мейрамбек ағамды сүйіп тыңдап, жақсы көріп өскендіктен бұл мен үшін үлкен сыйлық болды", - деп Қайрат қуынашын жасырмады.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!