«Қылмыс хикаялары» журналы жарық көрді

Фотография - «Қылмыс хикаялары» журналы жарық көрді

Үркердей ғана ұлттық басылымдарымыздың қатарына тағы бір журнал қосылды

302 0

Үркердей ғана ұлттық басылымдарымыздың қатарына тағы бір журнал қосылды. «Қылмыс хикаялары»–«Криминальные историй» журналында авторлардың ой-қиялынан туған көркем шығармалар емес, күнделікті өмірімізден алынған қылмыстық оқиғаларға қатысты сот үкімдері негізінде жазылған дүниелер жарияланады.

Тұңғыш рет тұсауы кесіліп, оқырмандарымен қауышып отырған жаңа басылымның негізгі мақсаты – Кемел Тоқаев ағамыздың қызықты дүниелерінен кейін жұртшылық көз жазып қалған шытырман оқиғалы шығармалардың тамырына қан жүгіртіп, көпшілікпен қайта табыстыру. Тіршіліктің ащы шындығынан алынған бұл туындыларда абайсызда жіберген қателіктерінің азабын тартып, Өмір деген ұлы дариядағы несібесінен құр қалған жандардың өкінішін мүмкіндігінше әсіре бояусыз беруге тырысамыз,–дейді журналдың бас редакторы, белгілі журналист Елеусіз Мұратов. – Тағдырлары талқыға түскен мұндай жандардың бұралаңы көп өмір жолдары кейбір ата анасының арқасында жаман мен жақсының, жоқ пен бардың аражігін ажырата білмейтіндерге сабақ болар деген ойдамыз.

Ішкі істер органдарындағы жауапты жұмыстардың бірі – тергеу саласы. Қазіргі басылымдарда көбінесе қылмыстық оқиғаларды ашқан қызметкерлер көбірек дәріптеледі де, сол қылмыстық істі көз майын тауысып тергеген, бұлтартпайтын дәлелдерді жинап, істі сотқа жеткізетін тергеушілердің еңбегі елеусіз қалып жатады. Қазақ және орыс тілінде шығатын «Қылмыс хикаялары» –«Криминальные историй» журналының мақсаты – осы олқылықтың орнын толтыру. Сіздер журналдан сонымен қатар әр замандағы атышулы қылмыстық оқиғаларды оқи аласыздар. Қазір 4-ші саны жарық көріп жатқан журналдың өткен сандарында 1963 жылы Алматы қаласында үш қызды өлтіріп, қаншама қызды зорлап ату жазасына кесіліп кеткен қандықол қылмыскер Девьяторовқа қатысты және қазақтың атақты боксшысы Әбдісалан Нұрмахановты өліміне қатысты қылмыстық оқиғалар ізімен жазылған дүниелер бар.

Гүлнәр Тазабекова


Тегтер:

журналистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!