Мейрамбек орыс әншілерінің бәрінен танымал

Фотография - Мейрамбек орыс әншілерінің бәрінен танымал

Олардың жылына 2 мыңнан астам дискілері сатылады.

261 0

Еліміздегі ірі аудиодүкендер жүйелерінің статистикасы бойынша, Қазақстанда Мейрамбек Беспаевтың дискілері ең танымал көрінеді. Жалпы, кейінгі 3-4 жылда қазақ әншілерінің өнеріне деген қызығушылық күрт артқан. Бұлардың ішінде алдыңғы үштікте Мейрамбек, «Музарт» тобы және Шәмші Қалдаяқов әндері тұр. Олардың жылына 2 мыңнан астам дискілері сатылады.

Өзге ұлт өкілдерінің ішінде Виктор Цойға деген сұраныс әлі күшті. Бірақ, дегенмен, ол да танымалдық жөнінен қазақ әншілерімен тайталаса алмайды.

«Время» газетінің дерегінше, Қазақ музыка әлемінің көгінде жекелеген Ресей эстрадасы жұлдыздары көрінбейді. Олардың тек топты-тобырымен ғана жүріп бағы жанады екен. Сатылым бойынша ресейлік ең танымал орындаушылар – «Елка» (1509 диск), «Кино» тобы (1459 диск) и Григорий Лепс (1289 диск). Мадоннаның бір жылда тек 689 дискі сатылыпты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!