Қазақстандық картина Берлин кинофестиваліне қатысатын болды

Фотография - Қазақстандық картина Берлин кинофестиваліне қатысатын болды

Қазақ кинематографының тарихында алғаш рет отандық фильм - 28 жастағы қазақ режиссері Әмір Байғазиннің «Үйлесімділік сабақтары» атты дебюттік жұмысы - 63-ші Берлин кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына іріктеліп алынды

183 0

Қазақ кинематографының тарихында алғаш рет отандық фильм - 28 жастағы қазақ режиссері Әмір Байғазиннің «Үйлесімділік сабақтары» атты дебюттік жұмысы - 63-ші Берлин кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына іріктеліп алынды.

Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

2011 жылы «Еуразия» VII халықаралық кинофестивалінің ауқымында «Үйлесімділік сабақтары» киножобасы «Қазақстандық киножобалар нарығы» бас жүлдесін жеңіп алып, «Қазақфильм» киностудиясыныің қаржылық қолдау алуына және халықаралық ілгерілетуге қол жеткізді.

Фильмді түсіру 2012 жылғы шілденің басында аяқталды және бірнеше күннен кейін алғашқы материалдар Сараеводағы (Босния және Герцеговина) халықаралық кинофестивальға ұсынылып, Work-in-Progress.  жобаларының арнайы конкурстық бағдарламасында бірінші орынға ие болды. Сол жылы фильм «Бүкіләлемдік кино қоры» жүлдесін иеленіп, қор қолдау көрсеткен қазақстандық жоба тарихындағы алғашқы картина болды.

Берлин кинофестивалі Канны мен Венеция фестивальдарымен қатар «А» санатты кинофильмдер сарапқа түсетін ірі және беделді кинобайқаулардың бірі. Мұндай деңгейдегі фестивальдің негізі конкурсына қазақ киносы бір рет қана - 18 жыл бұрын(Венеция, 1995 ж.)  Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма»  фильмімен қатысқан болатын.

Биыл Берлиналеге қатысу үшін бүкіл әлемнен 3000-нан астам өтінім түскен, оардың көпшілігі әлемдік және еуропалық премьералар. Қазақстандық «Үйлесімділік сабақтары» драмасы Стивен Содерберг, Гас Ван Сент, Бруно Дюмон сияқты және басқа да мэтрлермен бірге фестивальдің басты конкурсына қатысады. 63-ші Берлин кинофестивалінің қазылар алқасының төрағасы қытай режиссері Вонг Кар-Вай.

Кинофестиваль 2013 жылғы 7-17 ақпан аралығында өтеді. Басты награда иелері 16 ақпанда жарияланады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!