Бас жүлдесі 1 миллион теңге болатын шығармашылық бәйгесінің шарттары жарияланды

Фотография - Бас жүлдесі 1 миллион теңге болатын шығармашылық бәйгесінің шарттары жарияланды

Қазақ балалар әдебиетінің дамуына айрықша үлкен серпін беріп келе жатқан дәстүрлі Халықаралық «Дарабоз» бәйгесі – ZHERSU корпорациясы мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлескен жобасы

437 0

Қазақ балалар әдебиетінің дамуына айрықша үлкен серпін беріп келе жатқан дәстүрлі Халықаралық «Дарабоз» бәйгесі – ZHERSU корпорациясы мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлескен жобасы.

Жоба авторлары жуырда биыл сегізінші рет өткізілгелі отырған шығармашылық байқаудың шарттарын жария етті. Бәйгеге балабақша тәрбиеленушілері мен 1-8 сынып оқушыларына арналған прозалық, поэзиялық және сахналық шығармалар қабылданады.  Повестер 20-25 беттен, әңгімелер, ертегілер 10 беттен, топтама өлеңдер, балладалар, ертегі өлеңдер, шағын поэмалар, сахналық қойылымдар 5-10 беттен аспауы шарт. Шығармалар компью­терлік стандартқа сай, кирил­лицамен, 14 кегельмен (аралық 1,5) теріліп, үш дана етіп басылып, беттелуі қа­таң талап етіледі. Бәйге жабық бәйге түрінде өтетіндіктен, автордың бүркеншік атының анықтамасы, аты-жөні, мекен­жайы, байланыс телефоны жазылған парақ кіші конвертке салынып, желімделіп, сыртына тек бүркеншік аты ғана жазылады. Кіші конверт салынған үлкен конвертке үш дана шығарма салып, желімдеп, сыртына мекенжайы, бүркеншік аты немесе басқа бір лақап есім жазылуы керек. Байқау шартына сай емес, бұрын жарық көрген, мерзімінен кешігіп келген шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды. Бәйгеге түскен шығармалар мына мекенжай бойынша қабылданады:

050008. Алматы қаласы, «Дарабоз» бәйгесіне. №010057505 куәлік иесіне.

Шығармалар 2013 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданып, бәйге қорытындысы Ха­лықаралық балаларды қорғау күні қар­саңында жарияланады.

Шәкен Күмісбайұлы, байқаудың ұйымдастырушысы, балалар жазушысы:

– «Дарабоз» байқауы 2006 жыл­дан бері өткізіліп келеді. Оны ZHERSU кор­порациясының тікелей демеушілігі­мен Қазақстан Жазушылар одағы  ұйым­дастырып келе жатыр. «Дарабоз» жа­бық әдеби байқауының басты  мақ­саты – жас өскіннің назарын өз кітабына ау­дару. Балалар жазушыларына қолдау көр­сету арқылы жас ұрпақтың туған елі­не деген сүйіспеншілігін қалыптас­ты­рып, ұлтжанды, білімді өскелең ұр­пақ тәрбиелеу болып табылады. Бұл игі жо­ба осымен сегізінші рет өткізілгелі отыр. Биыл да өткізіліп, жеңімпаздар Ба­лалар күні қарсаңында анықталды. Жүз­ден тұлпар, мыңнан жүйрік шыққан шы­ғармалардың жеңімпаздары БАҚ бет­терінде жарияланған болатын. Ал оқыр­мандар  байқауда үздік  шыққан шы­ғармалар жиынтығын  «Кәусар бұ­лақ» сериясымен жарық көретін кітап­тан оқи алады. Кітаптар шыққан соң  қа­лып­тасқан дәстүр бойынша  респуб­ли­ка­мыздағы  барлық кітапханаларға, мек­теп­терге    тегін  үлестірілетін бола­ды.  Бәйгенің басқа бәйгелерге қара­ған­да ерекшелігі – ол жабық түрде өте­ді, яғни қазылар алқасы шығармаларды кім жазғанын білмейді, онда тек бүр­кен­шік есімі жазылады. Шығарманың жақ­сы жазылғанына қарай баға бе­ріле­ді.

Шығармашылық бәйге қоры:

Есенқұлқажы Маманов атындағы бас бәйге – 1 000 000 (1 миллион) теңге

Бірінші бәйге (екеу) – 375 мың теңгеден

Екінші бәйге (екеу) – 170 мың теңгеден

Үшінші бәйге (үшеу) – 110 мың теңгеден

Ынталандыру бәйгесі (төртеу) – 77 мың теңгеден.

Бәйге әділқазыларының шешімі тек­се­рілуге жатпайды. Байқау қорытындысы бойын­ша жүлде алған туындылар арнайы жи­наққа топтастырылып, балабақша, мек­теп кітапханаларына тегін таратылады. Кі­тап қазақ және орыс тілдерінде жарық кө­ре­ді.


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!