Леонардо Ди Каприо кинодан кетті

Фотография - Леонардо Ди Каприо кинодан кетті

Бұл жайында Франс Пресс агенттігі мәлімдеді

187 0

Әйгілі американдық актер Леонардо Ди Каприо кинодан кетті, уақытша. «Титаник» фильмінен кейін талай арудың жүрегін жаулаған Лео негізгі кәсіптен қол үзіп, қоршаған ортаны қорғаумен айналысқанды жөн көріп отыр. Бұл жайында Франс Пресс агенттігі мәлімдеді.

Соңғы үш фильмінде басты кейіпкердің ролін сомдаған актер біраз уақытқа демалыс алуды ұйғарған.

«Екі жылда үш фильмге түстім. Қатты шаршадым, енді ұзақ уақыт тынығуым керек» дейді Ди Каприо германиялық Bild басылымына берген сұхбатында. Алайда, актер кино бизнесіне қашан оралатынын мәлімдемеген.

Аталған мақалада Ди Каприо қоғамдық жұмыстармен айналысып, табиғатты қорғауға атсалысатындығын жеткізіпті. «Мен әлемнің жақсарғандығын қалаймын. Планетаны айнала ұшып, қоршаған ортаға пайдалы іс жасамақпын» деп ол өз сөзін қорытындылаған.

Леонардо Ди Каприоның жасы 38-де. Ол «Оскар» жүлдесіне үш рет номинант атанған.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!