Қазақ ертегілері топтастырылған сайт керек

Фотография - Қазақ ертегілері топтастырылған сайт керек

Ол – қазақтілді балаларға арналған ертегілер жинақталған сайт. 

2330 0

Ертеңгі қазақтілді сайттардың редакторларының басқосуына байланысты мына бір мәселені сөз еткіміз келіп отыр. Ол – қазақтілді балаларға арналған ертегілер жинақталған сайт. 

Шыны керек, қазір қолы бос адам домен сатып алып, демігіп жүр. Бірақ, сол ана тілімізде ашылған сайттар мен порталдардың арасында балалар мен ата-аналардың қажетін өтейтін бір сайт керек. Яғни, қазақ ертегілер жинағы. Бұрын жазылған және қазіргі авторлардың ертегілері топтастырылса нұр үстіне нұр болушы еді. Балаларға арналған саусақпен санарлықтай сайттар бар. Алайда, онда ертегілер арагідік қана жарияланып отырады. Ал, күнде бір ертегіні қайталай бергеннен бала да, ауыз да жалығады. Бүгінгі қоғам үнемі даму мен жаңарудан тұрады. Сондықтан, осы мәселені қолға алу қажет. Қазақ ертегілері-нің соңғы топтамасы - 2000 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Қазақ ертегілерінің» алты томдығы болу керек. Бұл - қазақ әдебиетінің 100 томдық мол мұрасын әзірлеу барысындағы жұмыстың бір парасы ғана. Орыстарда les-skazka.ru атты сайт бар екен. Қажетті ертегіңізді тауып аласыз. Кейде тапсырыс бойынша өтініштеріңізді де орындайды.

Соңғы шығып жатқан қалта телефондарында арнайы ертегілер топтастырылған мәзір бар. Әрине, орыс тілінде. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе». Қазақша ертегілеріңді жинастыр. Қазақтың ауыз әдебиетінде ертегілердің түр-түрі бар. Бірақ, олар кітап боп басылмаса, сайтқа топтастырылмаса бар байлығымыздан не пайда?! Ертегінің бір ерекшелігі – оны айтып беру, немесе оқып беру. Сондықтан, айтып, әлде оқып беретін естияр жандар үшін талғамы жоғары ана тіліміздегі ертегілер керек. Ол үшін ертегілер топтастырылған ана тіліміздегі сайт керек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!