Тұрсынбек Қабатов "Базар жоқтан!" бас тартады

Фотография - Тұрсынбек Қабатов "Базар жоқтан!" бас тартады

Тұрсынбек Қабатов басқаратын "Базар жоқ" театрына жаңаша атау беруге қатысыңыз.

241 0

Тұрсынбек Қабатов басқаратын "Базар жоқ" театрына жаңаша атау беруге қатысыңыз.

"Базар жоқ" көңілді тапқырлар театрының редакторы Қалқаман Сарин өзінің фейсбук парақшасында жақсы атауға ұсыныс тастады.

"Қазақтың әзілсүйер көрерменіне етене таныс Тұрсынбек Қабатов басқаратын театрдың редакторы ретінде сіздерден көмек (ұсыныс десе де болады) сұрауға мәжбүрмін. Белгілі сықақшы басқаратын театрға жаңа атау беретін кез келген сияқты... Халық арасына "Базар жоқ" деген атпен кеңінен таныс Астана қаласындағы көңілді тапқырлар театры сіздерге осындай өтініш жолдайды. Театрдың мақсаты – "Базар жоқ" деген "біртүрлі" аттан біржола құтылып, қазақтың жанына, жүрегіне жақын атпен танылу, көрерменіне қазақы атаумен өнер көрсету. Бір ғана сөзге сиятындай қысқа да нұсқа әрі мағыналы атау болса деген ұсынысқа бей-жай қарамасаңыздар екен. Мүмкіндік болса, "Шаншар", "Нысана", т.б. (қайталанбайтын) сияқты зор мағыналы, әдемі атаулар ұсынсаңыздар деген өтініш бар.

"Театрдың атауы өзіне лайық болса..." дейтін тілеулес жандар жаппай атсалысады деген үміт те жоқ емес! Азғана уақыттың ішінде жұртшылықтың ықыласына бөленген сүйікті театрларыңызды қолдап, жанашырлық танытсаңыздар екен... Ендеше, сіздерден жаңа ат, әдемі атау күтеміз! Көрерменін магнитше тартатын әрі ой салып ойландыратын, шат-шадыман көңіл мен күлкі сыйлар әдемі атау тапқан адамға театрдың дайындаған арнайы сыйлығы бар екенін де ескертеміз!", - делінген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!