Шварценеггер «Терминатор-5» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнайды

Фотография - Шварценеггер «Терминатор-5» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнайды

Бұл туралы актер онлайн-конференция барысында The Sun басылымына хабарлады

151 0

Арнольд Шварценеггер «Терминатордың» бесінші бөлімінде қайтадан басты рөлдердің бірі - Т-1000 рөлін сомдайды. Бұл туралы актер онлайн-конференция барысында The Sun басылымына хабарлады.

Утро.ру хабарлағандай, Арнольд Шварценеггер «Терминатордан» басқа, «Егіздер» комедиясының жалғасына түспек ниетте. Фильмнің алғашқы бөлімі 1988 жылы экранға шыққан, онда Шварценеггер мен Денни де Вито ағайындыларды ойнайды.

Арнольд Шварценеггер саяси мансабына байланысты он жылдық үзілістен кейін киноға қайта оралды. 2003 жылы ол Калифорния штатының губернаторы болып сайланған болатын.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!