«Гүлдер мен кітаптар» романының жалғасы болады

Фотография - «Гүлдер мен кітаптар» романының жалғасы болады

«Гүлдер мен кітаптар» романының жалғасы болады. Бұл туралы жазушы, кинодраматург Дидар Амантай бүгін Алматыда «Қарқаралы басында» кітабының түрік, француз, моңғол  тілдеріндегі нұсқаларының таныстырылымында айтты

269 0

«Гүлдер мен кітаптар» романының жалғасы болады. Бұл туралы жазушы, кинодраматург Дидар Амантай бүгін Алматыда «Қарқаралы басында» кітабының түрік, француз, моңғол  тілдеріндегі нұсқаларының таныстырылымында айтты.

Д.Амантайдың «Қарқаралы басында» 2010 жылы роман, повесть, әңгімелер, эсселер, өлеңдерден тұратын 5 томдық шығармалар жинағының алғашқысы ретінде жарық көрген болатын. Оған қаламгердің әр жылдары жазылған «Гүлдер мен кітаптар» романы, «Мен Сізді сағынып жүрмін» повесті мен әртүрлі новеллалар, әңгімелері, өлеңдері және Герольд Бельгер мен Әлия Бөпежанованың «Гүлдер мен кітаптар» туралы сыни мақалалары енді.

«Қарқаралы басында» 5 мың данамен жарық көрген еді. Ол қазақ тілінен өзге тілдерге тікелей аударылуда. Мәселен түрік және моңғол тілдеріндегі нұсқасы 1 мың данадан, ал французшасы 600 данамен шығып, сол елдердің кітапханаларында саудаға шықты», - дейді «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының,. Тәуелсіз «Тарлан-Үміт» сыйлығының  иегері  Дидар Амантай.  Оның айтуынша, түрікшесін - Әбдіуақап Қара, моңғолшасын - Жазгүл Жұмабай мен Нәпіл Базылхан, французшасын - Айтқали Бақытов тәржімалаған. Енді өз кейіпкерлерінің өзін-өзі өлтіруін  тоқтататынын айтқан қаламгер, «Гүлдер мен адамдар» және «Мен Сізді сағынып жүрмінде» ұқсас нәрсе шекаралық өмірде, шекаралық кеңістікте, өлім мен өмірдің арасында құдайға сену мен сенбеудің арасында толқып жүрген адамдардың бейнесі екенін жеткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!