Мексикада танымал музыкалық топ мүшелерін атып кетті

Фотография - Мексикада танымал музыкалық топ мүшелерін атып кетті

12 мәйіттің төртеуі танымал Kombo Kolombia тобының музыканттары екені анықталды. 

234 0

Мексиканың билік өкілдері мәлім еткендей, Нуэво-Леон штатының Мина муниципия ранчосында табылған 12 мәйіттің төртеуі танымал Kombo Kolombia тобының музыканттары екені анықталды. 

Тағы сегіз адамның жеке тұлғалары анықталу үстінде. Алдын ал жасалған болжамдар бойынша, олар да әйгілі ұжымның құрамында өнер көрсеткен.

Kombo Kolombia тобының жоғалып кеткені 25 қаңтарда белгілі болды. EFE агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, музыканттар жеке концертке кетіп, қайта оралмаған. Кездесу орнын белгілеген жерде оларды қылмыскерлер ұрлап әкеткен.

Ұжымның бір қатысушысы қашып үлгерген. Ол полицияға жаппай кісі өлтіру оқиғасы болған жерді көрсетті. Танылмаған сегіз мәйітті полиция құдықтан алып шыққан. Ұжымда бас-аяғы 18 адам болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!