Қазақ баспасөзінің тарихы «Қазақ» газетінен басталады

Фотография - Қазақ баспасөзінің тарихы «Қазақ» газетінен басталады

Елорданың Rixos қонақ үйінде «Аманат» интеллектуалдық пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Қазақ баспасөзінің кешегісі мен бүгіні» жөнінде келелі кеңес өтті

332 0

Елорданың Rixos қонақ үйінде «Аманат» интеллектуалдық пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Қазақ баспасөзінің кешегісі мен бүгіні» жөнінде келелі кеңес өтті. Оған белгілі алаштанушылар – Тұрсын Жұртбай, Дихан Қамзабекұлы, Қайрат Сақ, саясаткер Ерлан Қарин, жазушы Төлен Әбдік, ақын Серік Тұрғынбекұлы, т.б көрнекті тұлғалар қатысып, өз ойларымен бөлісті. Кездесуге елордадағы қазақ басылымдардың өкілдері түгел келді.

Бүгінгі ұлттық басылымдардың бастау басында тұрған «Қазақ» газетінің жарыққа шыққанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған басқосуда еліміздегі жалпы қазақ тілді ақпарат құралдарының құрылу, қалыптасу, даму кезеңдері талқыланды. «Қазақтың» ұлт өміріндегі маңызы жан-жақты сарапқа салынды. Осыдан ғасыр бұрын алғашқы саны жарық көрген газет Алаш қозғалысының саяси ұстанымдарын жариялап тұрды.

Саясаткер Ерлан Қарин «Қазақтан» үлгі алған, соның дәстүрін жалғастырған қазақ газеттері қашан да ұлттың жоқшысы болғанын айта келіп, тәуелсіздік жылдарында қазақ журналистері ұлттық қозғалыстың, партияның міндетін атқарғанын баса айтты. Ұлт мүддесін қорғаушысы болып жүрген қазақ журналистерінің еңбегіне, патриоттық сезіміне жоғары баға берді.


Тегтер:

журналистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!