«Д'Артаньян және үш ноян» фильмінің актері қайтыс болды

Фотография - «Д'Артаньян және үш ноян» фильмінің актері қайтыс болды

76 жасқа келген актер Владимир Балон 2 ақпанда Мәскеуде қайтыс болды

193 0

76 жасқа келген актер Владимир Балон 2 ақпанда Мәскеуде қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости РФ Кинематографистер Одағына сілтеме жасай отырып.

Балон 1937 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Ол Лесгафт атындағы дене шынықтыру институтын тәмамдап, жастайынан семсерлесумен кәсіби түрде айналысқан.

Актердің алғашқы сомдаған рөлі - «Гусар балладасы» фильміндегі Кутузов адъютантының рөлі. Ол осындай бірнеше танымал кинотуындыда ойнап, семсерлесу көріністерін жасаған.

Балон «Д'Артаньян және үш ноян» фильмінде кардинал Жюссактың гвардияшылары капитанының рөлін сомдап танымал болған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!