Петропавлда Стас Михайловқа ұқсайтын әйел табылды

Фотография - Петропавлда Стас Михайловқа ұқсайтын әйел табылды

Петропавл қаласындағы 164/6 түзету мекемесінде Стас Михайловқа ұқсайтын әйел бар.

161 0

Петропавл қаласындағы 164/6 түзету мекемесінде Стас Михайловқа ұқсайтын әйел бар.

Анжела Грачева ресейлік әншіге еліктеп қана қоймай, дауысын да айнытпай салады. Тіпті, ол үшін шашын қиып, киім үлгісін де өзгерткен.

Анжела Грачева есірткі заты үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Темір тордың ар жағына түссе де, өнерден қол үзген жоқ. Қазір, еркекке тән дауысымен сотталғандарды тәнті етіп жүр. Жазасын өтеуші үлкен сахнаға шығуды армандайды.

Анжела ГРАЧЕВА, жазасын өтеуші: Бостандыққа шыққан соң алға қойған мақсатыма қол жеткізу үшін бар күш-жігерімді саламын. Әрине, болған іс болды, бояуы сіңді. Бұл барлығы аяқталды деген сөз емес. Сондықтан, бәрін қайта бастауға бел будым.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!