Тағдырын қазақ театрына арнаған орыс қызы

Фотография - Тағдырын қазақ театрына арнаған орыс қызы

Орыс қызының тағдырын қазақ театр­мен байланыстырған бір-ақ нәрсе екен.

329 0

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жылына қанша спектакль болатынын, оның ішінде жаңа қойылымдарды алдын ала біліп отыратын бірден-бір кісі - Любовь Витальевна.

Орыс қызының тағдырын қазақ театр­мен байланыстырған бір-ақ нәрсе екен. Ол - тігіншілік өнер. Қазақтың небір марқасқаларымен бірге қызмет істеп, дәмдес болған Любовьтің тігін цехы­ның меңгерушісі болғанына 30 жылдан асып­ты. Осы қызметке 19 жасында келген ол

осы уақытта қазақ өнерінің қадірін бі­ліп, небір атақты актерлерге сахналық киімдер тігіпті. Олардың қайсыбірі ма­тасымен ғана емес, тігу ерекшелігімен, әдіптелуімен, өрнек салуымен, кейіпкер­ге лайықтылығымен ерекшеленеді жә­не соған сай бағасы да қойылған. Тіпті оны 1000000 теңгеге бағалауға, аукционда одан да қымбатқа саудалауға болады.

Егер Любовь Витальевна жеке кәсіп­керлікпен айналысып, тігін цехын ашар болса, әлдеқашан қазақстандық қалталы азаматтардың қатарын толықтырады жә­не ең танымал киімдерімен жұрттың ыстық ықыласына бөленер еді. Бірақ ол кісі алпыстың асқарына бет алса да, театр­дан кеткісі жоқ. Театр - сүйікті орны, әр спектакльдегі киімдерді жатқа айтатын ол қазақ өнерін терең меңгергенін мақта­ныш етеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!