Алматыда белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың шығармашылық кеші өтті

Фотография - Алматыда белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың шығармашылық кеші өтті

Алматыда белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың шығармашылық кеші өтті. Соңғы жылдары елімізге «Келін» және «Шал» фильмімен танымал болған режиссер өзінің шығармашылығы мен өмірі туралы көптің көңілінде жүрген сұрақтарға жауап берді

209 0

Алматыда белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың шығармашылық кеші өтті. Соңғы жылдары елімізге «Келін» және «Шал» фильмімен танымал болған режиссер өзінің шығармашылығы мен өмірі туралы көптің көңілінде жүрген сұрақтарға жауап берді

Ермек Тұрсынов өзінің нашар студент болғанын айта келіп, қиқар мінезі үшін оқудан да шығып қалғанын жасырған жоқ. Кезінде ҚазМУ-дың журналистика факультетінің деканы Темірбек Қожакеев: «Тұрсынов, сен менің қара тізімімде екінші тұрсың» деп айта берген соң, «ағай, онда бірінші болып кім тұр?» деп сұрапты. Сонда ғалым-ұстазы: «Ол баяғыдан берi түрмеде отыр» деп жауап беріпті.

– Студент кезімде 40 сом стипен­дия алдым, ет комбинатында жұмыс іс­­теп, қосымша ақша да таптым, – дейді режиссер.

Онда жұмысқа кіру де оңай бол­­­мап­ты. Әйтеуір амалын тауып, ет ком­­­бина­тын­да қасапшылықты үйре­ніп қаражат тауып­­­ты. Ал Мәскеуде оқы­ғанда от жағушы, ба­­­лабақша­да күзетші де болған. Ал АҚШ-та түрлі кәсіпті меңгеріп, өмірден көп нәрсе үйренеді. Қазақстанға оралған соң телевиде­ния мен радио корпорациясын басқарып, газет те ашқан. Кеште «Шал» фильмі сөз болды. Ал наурыз айында «Кенже» атты картинаны түсіруді бастамақшы.

Ол «Кенже» түсірілімі үшін көне ме­шіт іздепті. Себебі режиссер біраз жыл Таяу Шығыста тұрғандығын айта келіп, сондағы мешіттерге ұқсас ғимаратты қарастыр­ған. Дамаскіде ең жаңа мешітке 800 жылдай болса, Алматы облысынан бірде-бір көне мешіт таппапты.

Режиссер әлемнің әр түкпірінде болу­мен қатар, ондағы қазақтар­мен кездесіп, қо­нақта болғандығына тоқталды. Олар; «О, қазақ келді!» деп қуана қарсы ал­ған. Олардың ара­сында өз тілін білмейтін­дер кездеске­німен, ұлтына көрсетер құрмет­тері шексіз екен.

Танымал режиссер Ермек Тұр­сынов­қа шетелден сұраныс та түсіпті. «Жұлдыз» жасауға кепілдік те беріп­­ті. Бірақ ол барлығынан бас тартқан. Олардың сценарийлерінен адам шошитындығын айтқан режиссер: «Ет комбинатында жүр­гендегі өмі­рім есіме түседі дейді ол. Сон­дықтан вам­пирлер туралы түсіруден бас тар­тып­ты.

Ермек Тұрсыновтың бұл шығар­машылық кеші көптің көңілінен шықты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!