Сот Қайрат Түнтековті 40 күнге қамады

Фотография - Сот Қайрат Түнтековті 40 күнге қамады

Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бүгін әнші Қайрат Түнтековті жол көлік оқиғасына кінәлі деп тапты.

206 0

Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бүгін әнші Қайрат Түнтековті жол көлік оқиғасына кінәлі деп тапты. Ол 2 жыл 9 айға дейін жүргізушілік куәлігінен айырылды және 40 күнге әкімшілік қамауға алыну жазасына кесілді.

«Мен кінәмді мойындаймын. Бұндай жағдай кез-келген адамның алдынан шығуы мүмкін. Бұл менің жол апатына бірінші рет тап болуым. Сот не деп шешсе, мен соны орындаймын», - деді әнші сотта.

Енді зардап шегуші тарап материалдық шығынды өндіріп алу үшін азаматтық-құқықтық сотқа арыз түсіруге ниеттеніп отыр. Тәуелсіз сараптама-бағалау компаниясының есептеуі бойынша шығын жеті миллион теңге мөлшерінде.

Кеше хабарлағанымыздай, жол көлік оқиғасы 2012 жылдың 28 желтоқсанының түнінде болған. Алматылық Назриа Есенаманова Сүйінбай көшесімен әуежайды бетке алып кетіп бара жатқанда оң қапталынан Қ.Түнтеков көлігімен соғады. Көлігі бағанға соғылып, жол шетіндегі арыққа аударылған Есенаманова айтарлықтай зардап шеккен. Миы шайқалып, жарақат алған ол ауруханаға жеткізіледі. Ал көлігі жөндеуге келместей болып бүлінген.


Толтырылған хаттамада жол апаты кезінде әншінің жүргізушілік куәлігі де, көлікке сенімхаты да болмаған, бұған қоса оның сақтандыру полисі қолдан жасалған болып шыққан. Ол аздай зардап шегушінің айтуынша, әнші масаң күйде болған.

Есенаманованың айтуынша, содан кейін Түнтеков шығынды төлеуден бас тартқан. "Ол тіпті емделу шығынын да төлеген жоқ, ауруханаға да дер уақытында келмеді, қазір ол байланысқа шықпауда. Қалдырған сенімхатында үш ай ішінде осындай 60 мың доллар тұратын көлік алып беруге уәде еткен. Алайда бүгінге дейін ештеңе төлеген жоқ", - деді қыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!