Әншілер 40 күнге қамалған Қайрат Түнтековке көмектеспекші

Фотография - Әншілер 40 күнге қамалған Қайрат Түнтековке көмектеспекші

Кеше Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әнші Қайрат Түнтековті жол көлік оқиғасына кінәлі деп тапты

155 0

Танымал қазақ әншісі Ерлан Көкеев жол апатына кінәлі болғаны үшін 40 күнге қамалған әнші Қайрат Түнтековке көмек ретінде концерт ұйымдастыруды ұсынуда. Кештен түскен қаражат жол апатында зардап шеккен қызға материалдық шығын ретінде берілмекші.

«Достар, Қолымыздан келгенше көмек жасайық! Бұндайға бей-жай қарамайық, әріптесімізге қолдау көрсетейік. Концерт ұйымдастырып, түскен қаржыны Қайратқа берейік. Біздің көмегіміз сол болсын», - деп жазды Ерлан Көкееев Твиттердегі парақшасында.

Әртістің бастамасын қазақстан шоу-бизнесінің басқа өкілдері бірден қолдай кетті. Атап айтқанда, Айқын, Тұрар Рахымберлин, Әлішер Кәрімов, Ерке Есмахан, Ақкенже Әлімжан секілді әншілер бірінші болып қолдау білдірді. Кеш өтетін болды. Ол осы жылдың 19 ақпанында Көкеевтің «Ретро Шлягер» клубында болады. Билет құны – 2000 теңге.

Еске сала кетейік, кеше Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әнші Қайрат Түнтековті жол көлік оқиғасына кінәлі деп тапты. Ол 2 жыл 9 айға дейін жүргізушілік куәлігінен айырылды және 40 күнге әкімшілік қамауға алыну жазасына кесілді.

Бұрын хабарлағанымыздай, жол көлік оқиғасы 2012 жылдың 28 желтоқсанының түнінде болған. Алматылық Назира Есенаманова Сүйінбай көшесімен әуежайды бетке алып кетіп бара жатқанда оң қапталынан Қ.Түнтеков көлігімен соғады. Көлігі бағанға соғылып, жол шетіндегі арыққа аударылған Есенаманова айтарлықтай зардап шеккен. Миы шайқалып, жарақат алған ол ауруханаға жеткізіледі. Ал көлігі жөндеуге келместей болып бүлінген.


Толтырылған хаттамада жол апаты кезінде әншінің жүргізушілік куәлігі де, көлікке сенімхаты да болмаған, бұған қоса оның сақтандыру полисі қолдан жасалған болып шыққан. Ол аздай зардап шегушінің айтуынша, әнші ішіп алған.

Есенаманованың айтуынша, содан кейін Түнтеков шығынды төлеуден бас тартқан. "Ол тіпті емделу шығынын да төлеген жоқ, ауруханаға да дер уақытында келмеді, қазір ол байланысқа шықпауда. Қалдырған сенімхатында үш ай ішінде осындай 60 мың доллар тұратын көлік алып беруге уәде еткен. Алайда бүгінге дейін ештеңе төлеген жоқ", - деді қыз.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!