Мұхтар Әуезов атындағы драма театрдың репертуары жаңа қойылыммен толықты

Фотография - Мұхтар Әуезов атындағы драма театрдың репертуары жаңа қойылыммен толықты

Жаһандану жағдайында қазақтың бүгінгі отбасылары, бізбен үзеңгілесіп қатар жүрген жастары   қалай өмір сүріп жатыр деген біраз сауалдарға осы спектакль жауап береді-ау деп ойлаймын

300 0

Жаһандану жағдайында қазақтың бүгінгі отбасылары, бізбен үзеңгілесіп қатар жүрген жастары   қалай өмір сүріп жатыр деген біраз сауалдарға осы спектакль жауап береді-ау деп ойлаймын.

Ақын, драматург Нұрлан Оразалин  Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың режиссерлігімен сахналанған  «Шырақ жанған түн» лирикалық драмасының тұсаукесерінде осындай пікір білдірді.

«Заман талабын, уақыттың ерекшелігін ескеріп, қоғамдағы шындықтарды қамтып, көрерменді тартудың  жолдарын іздедік. Негізгі сюжет, композиция, оқиға бұрынғы қалпында сақталды. Жалпы махаббат - мәңгі тақырып. Отбасындағы түрлі оқиғалар, қоғамдағы теңсіздік, әділетсіздік мұның бәрі өмірде болатын нәрсе. Ал жаһандану жағдайында қазақтың бүгінгі отбасылары, бізбен үзеңгілесіп қатар жүрген жастары   қандай өмір сүріп жатыр деген біраз сауалдарға осы спектакль жауап береді-ау деп ойлаймын», - дейді қойылым режиссері. Автордың айтуынша, шығарма желісі  бас кейіпкер  Нұргүлдің айналасында өрілген.

1976 жылы жазылған бұл драма алғаш қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында 1977 жылы сахналанды. Алғашқы режиссері Вениамин Ким болған. Одан кейін елімізде ғана емес, көршілес елдердің театрларында да қойылған еді. Енді біршама үзілістен кейін қайта сахналанып отыр.


Тегтер:

театр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!