Өнер қайраткерлері Дінбасымен дидарласты

Фотография - Өнер қайраткерлері Дінбасымен дидарласты

Мәуліт мерекесі жылдағы дәстүрлі игі шараға айналды», - деді халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов

253 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловпен және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбубәкір Рахимовпен кездесті.

Дінбасы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айына байланысты өткен Мәуліт салтанатына қатысып, рухани кештің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына сүбелі үлестерін қосқан өнер қайраткерлеріне алғысын білдірді.

«Бәріміздің мақсатымыз бір. Халықтың рухани дамуына үлес қосу, жақсы, ғибратты кештерде бой көрсетіп, өнерімізді сарп ету - біздің азаматтық борышымыз. Мәуліт мерекесі жылдағы дәстүрлі игі шараға айналды», - деді халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!