Ерлан Көкеевтің өзі де сот табалдырығын тоздырмақ

Фотография - Ерлан Көкеевтің өзі де сот табалдырығын тоздырмақ

"Суперстар" жобасының жеңімпазы, әнші Қайрат Түнтековке қатысты дау басқа арнаға ауысты

334 0

"Суперстар" жобасының жеңімпазы, әнші Қайрат Түнтековке қатысты дау басқа арнаға ауысты.

40 күнге қамауға алынған әрі 7 миллион теңге қарызы бар Қайратқа "көмек қолын созам" деген Ерлан Көкеевтің өзі енді сот табалдырығын тоздыруы мүмкін.

Естеріңізде болса, көлік апатына кінәлі деп танылған Түнтековті қолдау мақсатында Ерлан әріптестерімен концерт ұйымдастырып, одан түскен қаржыны Қайраттың айыппұлдарын өтеуге бермек болған.

"Онсыз да қиналып жүрген Қайраттың еңсесін одан сайын түсіре бермей, қайта қолдау білдірейік" деп әншілерге қайырымдылық концерт ұйымдастыруға бірінші болып ұсыныс білдірген еді әнші.

Фэйсбуктегі парақшадан "Қаралы күнді ұмыт, жігітке көмектес" деген Ерлан Көкеевтің суреті бар жарнама-суреттерді көріп мұнысы несі деп жағамызды ұстадық. Сөйтсек, Ерланның өзі де бұл афишаны көріп аң-таң болған. Әлеуметік желілерде тез таралып кеткен бұл мазақ суретті Алматы тұрғындарының бірі жасапты.

Енді әнші бұл істі жай қалдырмай, ар-намысты таптағандарды сотқа сүрейтіндігін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың желтоқсанында болған жол көлік апатына кінәлі деп танылған әнші Қайрат Түнтековті Алматы әкімшілік соты 40 күнге қамауға алу туралы шешім шығарып, 2 жыл 9 айға көлік жүргізу куәлігінен айырған болатын. 7 миллион теңгеге жуық қарызы бар Қайратқа көмектесем деген Ерлан Көкеевтің өзі енді соттың көмегіне жүгінбек.

Айта кетейік, Қайратты қолдауға арналған концерт 19 ақпан күнге белгіленіп отыр.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!