Қазақстан аруын халық таңдайды

Фотография - Қазақстан аруын халық таңдайды

 2013 жылдан бастап «Қазақстан аруын» SMS дауыс беру арқылы халықтың өзі таңдайтын болады

255 0

 2013 жылдан бастап «Қазақстан аруын» SMS дауыс беру арқылы халықтың өзі таңдайтын болады. Бұл жайында «Қазақстан аруы» байқауының бас директоры Алена Равлина мәлімдеген.

«Қазылар алқасы шешім шығарған жерде үнемі келіспеушіліктер, наразылықтар орын алып жатады (Равлина мәжілістің экс-депутаты Бақыс Сыздықованы мысалға келтіріп отыр). Енді мұндай жайттар қайталанбас үшін қазылықтан бас тартып отырмыз» деді байқаудың бас директоры.

Алайда, бұл қазылар алқасынан мүлдем бас тарту дегенді білдірмейді. Олар тек финалға шығатын он аруды таңдап бермек. Осылайша ұйымдастырушылар бар жауапкершілікті халықтың өзіне артып отыр.

Равлина айтып өткендей, 2012 жылғы байқау барысында нақты бір көшбасшы болмаған. Жеңіске жеткен Жазира Нұрымбетоваға 15 қазының тек төртеуі ғана дауыс беріпті. Екінші орындағы Карина Жетесованы үшеуі қолдаса, қалған аруларға бір-бірден дауыс тиген.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, экс-депутат Бақыт Сыздықова сыбайлас жемқорлық «Қазақстан аруы» байқауына да жеткендігін, 2012 жылдың аруы атанған Жазира Нұрымбетованың бұл атаққа лайықты емес екендігін айтып, наразылығын білдірген болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!