«Бір кем дүниені» көріңіз

Фотография - «Бір кем дүниені» көріңіз

Қазақ киносы тағы бір жаңа рухани туындымен толықты.

345 0

Қазақ киносы тағы бір жаңа рухани туындымен толықты.

Жақында жұртшылықтың назарына жаңа фильм - «Бір кем дүние» жол тартатын болады.

Фильмнің продюсері әрі сценариін жазған белгілі журналист Орынбасар Балтабайұлы, ал қоюшы режиссері Төлеген Бейсет. Басты рөлдерде ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Оразхан Сәдуақасұлы, Шолпан Сіргебаева, белгілі актерлер Азамат Сатыбалды, Жалғас Толғанбай және т.б. ойнайды.

Фильмде қарапайым ауыл ақсақалының өмірі баяндалады. Ешкіммен қақ-соғы жоқ Мұса ақсақалдың өмірлік ұстынымы  адал ақша табу. Тапсырыспен ат әбзелдерін жасайды. Құдай қосқан қосағы Нұржібек те үй шаруаларымен әуре болса, бала мен келіні қалада жұмыс істейді. Ақсақалдың арманы  қасиетті мекен  Мекке қаласына сапар шегіп, қажылығын өтеу болатын. Осы арманына жету үшін ақсақалдың басынан өткен қым-қуыт оқиғалар туынды желісіне баланады.

Соған орай, туынды көрерменін бірде жылатып, бірде жігерлендіреді, өмір қиыншылықтарына мойымай күресуге үндейді. Көңілге жігер сыйлайды. Қазақтың санасына сіңіп, бойынан көрініс тапқан асыл құндылықтардың бірі  ар мен ұят секілді ұлы ұғымды қастерлеуге, арзан абыройға, қу дүниеге алданбай, арды сақтауға шақырады.

«Кемпірдің сиырмен қимай қоштасқан тұсы қатты әсер етті. Көзге жас алмау мүмкін болмады. Біздер, қазақтар қалаға келіп, малдың қадірін ұмытып бара жатырмыз ғой. Бәріміз де ауылдан шықтық қой. Сиырдың сүтін ішіп, етін жеп, күш-қуат алған адамның бірімін. Түсіруші топтың жігіттері ауыл тіршілігінен хабары бар екен. Әлсіз тұсымызды көзімізге көрсетіп берді. Бұл адамды тазалыққа, имандылыққа үйрететін фильм екен», - деді фильмнің тұсаукесер салтанатында М.Әуезов атындағы драма театрының директоры Есмұхан Обаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!