«Борат» Голливудтағы үйін сатып жатыр

Фотография - «Борат» Голливудтағы үйін сатып жатыр

Бұл фильмінен кейін ол әлемнің өзге елдерін келеке етіп «Бруно», «Диктатор» тағы бірнеше кино түсірді

196 0

Кезінде Қазақстанды келеке етіп фильм түсірген Саша Барон Коэн Голливуд төбесіндегі үйін 2,59 миллион АҚШ долларына сатып жатыр. Бұл жайында Сelebdigs.com порталы мәлімдеді.

Бұған дейін Саша Барон Коэн мен оның әйелі Исла Фишер бұл үйді жалға беріп келген болатын. Жалға алушы отбасы ай сайын оған 11 мың АҚШ долларын төлеп келген. Зәулім сарайдың өзі 1959 жылы салынып, бірнеше жыл бұрын жаңартудан өткізілді.

Үйдің жалпы аумағы 260 шаршы метрі. Ішінде 4 жатын бөлме, 2 жуынатын бөлме және қосымша бір дәретхана бар. Сондай-ақ, терезесінен Голливуд төбесі мен каньонға керемет көрініс ашылады. Үйді сатып алатын жанға қосымша сыйлық ретінде камин пеші, SPA, бассейн, спорт залы және мәжіліс залы беріледі.

Саша Барон Коэн «Борат» фильмімен аты шыққан американдық актер. Бұл фильмінен кейін ол әлемнің өзге елдерін келеке етіп «Бруно», «Диктатор» тағы бірнеше кино түсірді.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!