Қазақ киноларын енді интернеттен көруге болады

Фотография - Қазақ киноларын енді интернеттен көруге болады

Ғаламтор атты шексіз әлемнен үздік кинотуындыларды тауып, «онлайн» режимінде көретініміз бар

194 0

Ғаламтор атты шексіз әлемнен үздік кинотуындыларды тауып, «онлайн» режимінде көретініміз бар.

Бірақ кейде қазақ кинофильмдерін таба алмай дал боламыз. Жаңа киноленталар былай тұрсын, алтын қорда сақталған кесек дүниелерді табу да қиынға соғады. Қа­зақ киносының шынайы жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық - «Киви» бей­непорталы қазақ фильмдерін бі­ріктіріп, арнайы интернет-кинозалын ашып отыр. 

Кинозалда көркем, тарихи һәм де­рек­ті кинофильмдер топтастырылған. Тіпті, анимациялық кинотуынды­лар­мен қатар, қазақ киносының классика­лық үлгілері мен соңғы киноленталарды да табуға болады. Кiwi.kz/kazakhfilm деп аталатын порталдан 23 отандық өнім­ді табуға болады.

Кинотуындыларды оңай іздеп, ер­кін көре аласыз. Қуантарлығы, әрбір киносеанс үшін ақы төленбейді. Бола­шақта мұрағат қоры толықтырылады. Тағы бір қуантарлық жайт, отандық кинотуындыларды тек қазақстандық киномандар ғана емес, шетелде тұра­тын қандастарымыз да тамашалай алады. Аталмыш жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен қазақстандық ин­тер­нетті һәм ресурстарды дамыту ассо­циациясының мұрындық болуы­мен жүзеге асырылып отыр. Ал «Киви» ре­сурсы - жобаның негізгі әріптесі.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!