Қайрат Түнтеков туған күнін теміртордың арғы жағында атап өтті

Фотография - Қайрат Түнтеков туған күнін теміртордың арғы жағында атап өтті

Кеше әнші, "Суперстар" жобасының жеңімпазы Қайрат Түнтековтің туған күні өтті.

145 0

Кеше әнші, "Суперстар" жобасының жеңімпазы Қайрат Түнтековтің туған күні өтті.

27 жасқа толған әнші өкінішке орай туған күнін теміртордың арғы жағында атап өтуіне тура келіп отыр.

Естеріңізде болса, жұлдызды Алматы әкімшілік соты 40 күнге қамауға алып, 2 жыл тоғыз айға көлік жүргізу куәлігінен айырған еді. Жасаған ісі үшін қатты қысылғанына қарамастан, Қайраттың көңілі көтеріңкіге ұқсайды.

Қайрат Түнтеков қамауға алынған адамдарды ұстайтын арнайы орында отыр. Қайрат өмірінде бірінші рет туған күнін достарының арасында емес, бейтаныс жандардың ортасында атап өтуде.

Алайда, қолда бар мәліметімізге қарағанда Түнтековты туған күнімен құттықтауға әншінің жанашыры Ерлан Көкеев бастаған бірнеше өнер жұлдыздары қолдарына тәтті торт алып, Қайрат отырған мекемеге баруды жоспарлап отыр.

Түнтековті туған күнімен әлеуметтік желілерде жүздеген көрермендер, әншінің тыңдармандарымен қоса халық әртістері де құттықтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!