Алматыда «Шансон жұлдыздары Қазақстанда» І Халықаралық фестивалі өтті

Фотография - Алматыда «Шансон жұлдыздары Қазақстанда» І Халықаралық фестивалі өтті

Алматыда «Шансон жұлдыздары Қазақстанда» І Халықаралық фестивалі өтті.

207 0

Алматыда «Шансон жұлдыздары Қазақстанда» І Халықаралық фестивалі өтті.

Оған әншілер Афина, Вилли Токарев, Владимир Асмолов,  Жека, Жанна Прохорихина, Любовь Успенская мен «Лесопавл», «Воровайки» топтары қатысты. Алдағы уақытта фестиваль дәстүрге айналады деп жоспарлануда.

«Бала жасымнан бастап халықтық музыкаға әуес болып, халық музыкасымен тәрбиелендім. Оның ішінде сіздердің сүйікті Құрманғазы оркестрлеріңіз де бар», - деп бөлісті фестиваль барысында кеңестік, америкалық және ресейлік әнші-сазгер Вилли Токарев.

Әйгілі өнер саңлағының айтуынша, Қазақстаннның елордасы оны қатты қайран қалдырды және осы сезіммен ол «Астана» атты әнін өмірге әкелді.

В.Токаревтің пайымынша, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикаларда өнердің бағасы төмендеп кетті. Жастар нағыз өнерден алыстап, әні де сөзі де мағынасыз «суррагат» музыкамен өсіп келеді. Оның қайда апарып соғары белгісіз. Балалар классика, джаз және тағы басқа да танымал музыкамен тәрбиеленсе, ой көкжиегі өседі.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!