Елордада «Франция-Қазақстан» халықаралық көрмесі ашылады

Фотография - Елордада «Франция-Қазақстан» халықаралық көрмесі ашылады

Бүгін Мектеп оқушылары сарайының AstanaArtline галереясы өнерді бағалаушылар үшін өз есігін айқара ашуда.

264 0

Бүгін Мектеп оқушылары сарайының AstanaArtline галереясы өнерді бағалаушылар үшін өз есігін айқара ашуда.

Мұнда «Франция-Қазақстан» халықаралық көрмесі ашылады. Көрмеге келушілер екі елдің суретшілері түрлі техника мен жанрда орындаған көркем еңбектерді: натюрморттар, портреттер мен пейзаждарды көріп тамашалай алады, деп жазады елорданың ресми сайты.

«Қазақстан мен Франция ынтымақтастығы тарихы 20 жылдан бері жалғасып келеді. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тек саяси тұрғыдан ғана емес, мәдени жағынан да маңызды», деп санайды көрмені ұйымдастырушылар.

Экспозицияда танымал француз суретшісі Мартин Ривази-Оффан мен Қазақстанның белгілі қылқалам шеберлері: Ұмсын Арқабаеваның, Армат Бектастың, Ерлан Назарқұлдың, Гүлмира Телғозиеваның, Еркінбек Есімовтің, Ералы Досмағанбетова мен Жаннет Әбіштің қартиналары қойылған.


Тегтер:

астана көрме

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!