Украиналық суретші картиналарды сағыздан жасайды

Фотография - Украиналық суретші картиналарды сағыздан жасайды

Украиналық суретші танымал адамдардың портреттерін ерекше материалдардан жасауда.

304 0

Украиналық суретші танымал адамдардың портреттерін ерекше материалдардан жасауда.

Донецкілік Анна Матвеева картиналарды сағыздан жасайды. Оның үстіне, картинаға кіріспес бұрын сағыздар жақсы шайналған болуы керек, бұған оның достары көмектесетін көрінеді.

Мысалға, Apple-дің негізін салушы Стив Джобстың бейнесін жасауға мыңнан астам сағыз қажет болған. Ал әйгілі әнші Элтон Джонстың жүзіне 250 сағыз жұмсалды.

Қазіргі уақытта Анна жергілікті футбол клубының жаттықтырушысының мүсінін жасауда. Әзірге суретшінің 3 жұмысы бар, бірақ алдағы уақытта ол өзінің жеке көрмесін өткізуді жоспарлауда.


Тегтер:

сурет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!