Әнші Сиви Тайландта босанды

Фотография - Әнші Сиви Тайландта босанды

Отандық әнші Тайландта босанып, жергілікті тұрғындарды таңқалдырды

202 0

Әнші, актриса әрі продюсер Сиви Махмудидің Тайландта босанғанын хабарлады. Әнші отандық дәрігерлерге мұндай маңызды шаруаны сеніп тапсыруға қорқыпты.

Сиви осыдан бірер жыл бұрын Аңсар есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шығып, Дубайда үйлену тойларын дүркіретіп өткізген болатын. Кейбір деректер бойынша, тойға 200 мың еуро көлеміндегі қаражат жұмсалған.

Енді әншінің пиар-дирекциясы "Астарлы ақиқатпен" қуанышыты жаңалықтарымен бөлісіп, ана атанған Сивидің перзентханадан шығу мезеті түсірілген бейнетаспаны көрсетіпті.

Сивидің дүние есігін жаңа ашқан нәрестесімен үйне оралуы нағыз шоуға айналып, көпті көрген тайлықтар үшін де таңқаларлық жәйт болыпты. Себебі Сивиді перзентхана табалдырығында Шығыстың алып айдаһарлары, музыка күтіп тұрды.

Енді ол бала тәрбиесімен жолдасы Аңсар сыйлаған Паттайядағы виллада айналысуда. Ауа-райының қолайлылығын алға тартқан әнші Тайландта қалуға дайын екендігін жасырмайды.


Тегтер:

әнші босанды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!