Қайрат Түнтеков әріптестері жинап берген ақшадан бас тартты

Фотография - Қайрат Түнтеков әріптестері жинап берген ақшадан бас тартты

Алматыда әнші Қайрат Түнтековті қолдау мақсатында қайырымдылық концерті өтті

262 0

Алматыда әнші Қайрат Түнтековті қолдау мақсатында қайырымдылық концерті өтті, деп хабарлайды. Қазақ эстрадасының өкілдері ұйымдастырған кештен түскен қаржы Түнтековке ұсынылды. Алайда ол бұл ақшаны алмайтынын мәлімдеген.

Бұрын хабарлағанымыздай, қайрымдылық шарасын әнші Ерлан Көкеев Қайратқа қаржылай қолдау жасау мақсатында ұйымдастырған болатын.

Өткен жылдың соңында Алматыда Қайрат Түнтеков жол-көлік оқиғасына себепкер болып, сот жақында оны 40 күн қамауда болу жазасына кескен еді. Сонымен қатар жүргізуші куәлігінен айырған.

Осы оқиғадан соң «Достар, Қолымыздан келгенше көмек жасайық! Бұндайға бей-жай қарамайық, әріптесімізге қолдау көрсетейік. Концерт ұйымдастырып, түскен қаржыны Қайратқа берейік. Біздің көмегіміз сол болсын», - деп жазған Ерлан Көкееев Твиттердегі парақшасында. Оның идеясын әріптестері қолдап, концертті 19 ақпанда өткізуге келіскен.

Концерт өтті. Алайда Түнтеков жиылған қаржыны алудан бас тартқан. Ол бұл ақшаның ауыр дертке ұшыраған 10 жасар Темірлан Бейсенбековке берілгенін қалайтынын айтқан. Әншінің қалауы орындалып, концерттен соң барлық ақша науқас баланың әкесі Төлеген Өтелбаевқа тапсырылған.

Түнтековті қолдау концертіне қазақ эстрадасының бірқатар өкілдері, атап айтқанда Айқы, Бүркіт, Ерке Есмахан, Әнел Аринова, Андрей Тихонов, Арыстан Мырзагереев, «Орда», «Ұлытау» топтары қатысқан. Сондай-ақ, әртіске қолдау ретінде Нағима Есқалиева, Медеу Арынбаев, Айжан Нұрмағамбетова секілді танымал әртістер де келген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!