Стивенг Кингтің "Ұялы телефоны" экранға шығады

Фотография - Стивенг Кингтің "Ұялы телефоны" экранға шығады

Cargo Entertainment компаниясы Стивенг Кингтің кезекті шығармасын киноға бейімдеуге кірісті. Режиссер ретінде "Паранормал құбылыс 2" ("Paranormal Activity 2") фильмін түсірген Тод "Кип" Уильямс (Tod "Kip" Williams) бекітілді.

356 0

Жазушының 2006 жылы жарық көрген "Ұялы телефон" ("Cell") романы экранға шығарылғалы отыр. Кинотуындыға басты рөлге Джон Кьюсак түседі.

Сюжетте ұялы телефондар арқылы тез таралатын қауіпті импульстың салдары туралы баяндалады. Осы сәулелердің әсерінен адамдардың естері ауысып, төңірегіндегілерге шабуыл жасай бастайды. Телефонмен сөйлеспеген адамдар ғана бұл қауіптен уақытша аман қалады. Джон Кьюсактың кейіпкері өз отбасын бұл хаустан аман алып шығуы керек.

Сценарийді Стивен Кингтің өзі Адам Аллека есімді жас әріптесімен бірлесіп жазып шыққан. Фильмнің өндірісі биыл мамыр айында басталмақ. Продюсерлер ретінде Шара Кэй, Брайан Уиттен және Ричард Саперштейннің есімдері аталды.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!