Әсел Сәдуақасова бұрынғы махаббатын сотқа берді

Фотография - Әсел Сәдуақасова бұрынғы махаббатын сотқа берді

"Дауыс International" тобының экс-әншісі Әсел Сәдуақасоваға жасырын нөмірлерден бейтаныс адамдар қоңырау шалып, қоқан-лоқы жасаған көрінеді.

569 0

"Дауыс International" тобының экс-әншісі Әсел Сәдуақасоваға жасырын нөмірлерден бейтаныс адамдар қоңырау шалып, қоқан-лоқы жасаған көрінеді.

Осыған дейін мәлім болғандай, бұрынғы күйеу жігіті Асылжан Рақышев әншінің сеніміне кіріп, жалған құжаттар жасау арқылы оның екі үйі мен автокөлігін өзіне рәсімдеп алған көрінеді. Ал Сәдуақасова төрт ай бойы әділдік үшін күресіп, жылжымайтын мүлігін қайтарып алуға тырысқан болатын. Алайда, іс нәтижесі белгілі болмай жатса да, әнші бұқаралық ақпарат құралдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын айтуға бел буады.

Сәдуақасованың айту бойынша, алаяқ жігіт өзі ғана әрекет етпеген. «Көлік ішінде анам екеуміз отырғанымызда Асылжан мен оның достары жасаған схеманы көрген болатынбыз. Нәтижесінде екі пәтерімнен айрылдым. Себебі, маған ұқсайтын қыз келді деп сылтауратып, менің атымнан жалған сенімхат жасаған және анамның пәтерін қайта рәсімдеуді жүзеге асырған бір нотарис болғаны кездейсоқ жағдай деп ойламаймын. Oл кезде шет елде болатынмын. Құжаттарым да өзіммен еді. Қылмыстық іс шеңберінде жүргізілген зерттеу амалдары нәтижесінде қолтаңбаның жалған екенін анықтады» деп ағынан жарылды әнші.

Әншінің сөзіне қарағанда Асылжан Рақышев адамдардың психологиясын жақсы біледі және өзіне баурап алатын бір ерекше қасиетке ие.

«Ол бірнеше ай бойы анамды пәтерлерін Вейсалова және Манасыпова деген азаматтардың атына қайта аударуға көндіруге тырысты. Анам оның сөзін жерге тастай алмаған, бірақ істің насырға шабатынын қайдан білген.

Ірі шенеунік баласының мұндай әрекетке баратынын ойламаған Сәдуақасова істің насырға шабатынын білмегенін айтып, өкінішін жасыра алмады.

Рақышевқа көлікке жалған сенімхат жасатты деп айып тағылып, қылмыстық іс қозғалып отыр. Қалалық прокуратура өтінішін қабыл алмағандықтан, әнші Бас прокуратураға хат жолған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!