Вашингтонда «Сталинге сыйлық» фильмінің көрсетілімі болып өтті

Фотография - Вашингтонда «Сталинге сыйлық» фильмінің көрсетілімі болып өтті

21 ақпан күні ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігінде АҚШ Конгресінің өкілдері үшін қазақстандық режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Сталинге сыйлық» картинасының көрсетілімі өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

193 0

21 ақпан күні ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігінде АҚШ Конгресінің өкілдері үшін қазақстандық режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Сталинге сыйлық» картинасының көрсетілімі өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Американдық көрермендер адам рухының күшін, қатыгездік пен зомбылық орнаған қатаң замандағы мейірімділік пен махаббат үстемдігін толық аша білген кино жасаушылардың шеберлігін жоғары бағалады.

Фильмде сталиндік қуғын-сүргіннің кезекті толқынында бүкіл Кеңес Одағынан бір топ адамның Қазақстанға жер аударылып жіберілген 1949 жыл көрсетіледі. Қасым атты қазақ құтқарып асырап алған Сашка есімді еврей баласының тағдыры шынайы қуғын-сүргін кезеңінде өмір сүрген басқа да картина кейіпкерлерінің тағдыры секілді өзінің әсерлі әрі трагедиялығымен жүректі толғандырады.

Бұл шара АҚШ Конгресінің бір топ өкілдерінің қаңтар айында Қазақстанға жасаған сапары қорытындысы бойынша екі елдің парламентаралық ынтымақтастығын нығайту мақсатында өткізілді.

АҚШ конгрессмендері, картинада жеткізілген төзімділік, ұлтаралық келісім мен өзара түсіністік идеялары қазақстандық халыққа тән қасиет екенін және ол туралы өздері сапар аясында көз жеткізгендерін атап өтті. Олардың пікірінше, Қазақстан Америка Құрама Штаттары секілді бейбітшілік пен достықта өмір сүріп келе жатқан түрлі ұлттар мен дін өкілдері атамекенге айналған.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!