Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестивалі өтеді

Фотография - Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестивалі өтеді

Елордада 29 наурыздан 1 сәуірге дейін Нұрғиса Тілендиев атындағы  «Өз елім» ІІІ музыкалық фестиваль-байқауы өтеді.

205 0

Елордада 29 наурыздан 1 сәуірге дейін Нұрғиса Тілендиев атындағы  «Өз елім» ІІІ музыкалық фестиваль-байқауы өтеді. Оған Астананың үздік концерт залдарында өнер көрсететін 16-дан 35 жасқа дейінгі жас музыканттар қатысады. Бұл туралы astana.kz сайтына ұйымдастыру комитетінен мәлім етті.

Қазақстанның әр облысы байқаудың:

1. Классикалық  вокал (әйелдер мен ерлер);

2. Домбыра;

3. Дирижер  әр аталымына 2 қатысушы жібереді.

Фестивальді ұйымдастырушы Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Мәдениет басқармасы.

«Бас жүлде – Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 200 000 теңге ақшалай сыйлық. Сонымен қатар фестивальде мынандай марапаттар мен жүлделер тапсырылады:

- Гран-при – ақшалай сыйлық (800 000 теңге);

- 1-ші сыйлық – 600 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль;

- 2-ші сыйлық – 300 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль;

- 3-ші сыйлық – 150 000 теңге  және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль», - делінген хабарламада.


Тегтер:

мәдениет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!