Иран: "Арго" ЦРУ-ды жарнамалайды

Фотография - Иран: "Арго" ЦРУ-ды жарнамалайды

Иран "жылдың ең үздік фильмі" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесін алған Бен Аффлектің "Арго" фильмін "антиирандық үгіт-насихат құралы" деп атады.

204 0

Иран "жылдың ең үздік фильмі" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесін алған Бен Аффлектің "Арго" фильмін "антиирандық үгіт-насихат құралы" деп атады.

Фильмде Ирандағы 1979 жылғы ислам революциясы кезінде Тегерандағы Канада елшілігінен америкалық дипломаттардың қашып шығу оқиғасы көрсетіледі. Фильм Иран кинотеатрларынан көрсетілген жоқ.

Иранның мәдениет және ислам құндылықтары министрі Мұхаммед Хусейни "фильмнің көркемдік мәні жоқ" деп мәлімдеді. Ал мемлекеттік телеарналар "Аргоны" "ЦРУ-ға жарнама жасау құралы" деп атады.

Жартылай ресми Mehr агенттігі "фильмге "Оскар" жүлдесін беру Голливудта қандай саясаттың ықпалы жүретінін көрсетеді" деген тұрғыда пікір білдірді.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!