Жұлдыздар Қайрат Түнтековке 175 мың теңге ғана жинап берген

Фотография - Жұлдыздар Қайрат Түнтековке 175 мың теңге ғана жинап берген

Қайрат Түнтековке көмектесуге әріптестері небары 175 мың 700 теңгені жинады.

133 0

Мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатына себепкер болғаны үшін 40 күнге қамалып, 7 миллион теңгенің шығынын өтеуді мойынына алған Қайрат Түнтековке көмектесуге әріптестері небары 175 мың 700 теңгені жинады.

Бастапқыда Қайратқа қаржылай демеу көрсету үшін Ерлан Көкеев, Медеу Арынбаев бастаған эстрада жұлдыздары арнайы жиын өткізіп, "әншілердің ынтымағын" көрсеткен болатын. Артынша жас жұлдызға жанашыр жандардың басы да қосылды.

Түнтековке ақша жинаймыз деп Ерлан Көкеевтің клубына жиналған Қайраттың "достарын" көрсеңіз кілең атағынан ат үркетін жұлдыздар: "Ұлытау", "Орда", Бүркіт, Айжан Нұрмағамбетова, "Денар", Айқын Төлепберген...

Әдетте, "бір иіс суымыз мынша мың", "қол сағатымыз сонша мың" деп сұхбат беретін жез таңдайлардың бауырларының басына түскен жағдайға атаған "жылуының" түрі анау болды. Бір анығы, "Түнтековтің түрмеге қамалуы" біраз адамға "азық" болған сияқты. Әйтпесе, атағы бір басына жетіп артылатын, дені сау, жас Қайратқа елдің "жылуының" да қажеті шамалы еді.

Бірақ сол "жылу науқанының" пайдасын көргендер де бар. "Атың шықпаса, жер өртені" ұстанған Ерлан Көкеев ел-жұртқа қайта танылды. Қолы тисе журналист те, әртіс те бола беретін мың құбылғыш әншілердің "қамқорлығы" да жұрт назарынан тыс қалмады...


Тегтер:

түнтеков

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!