АҚШ-та даңқты музыкант Ван Клиберн қайтыс болды

Фотография - АҚШ-та даңқты музыкант Ван Клиберн қайтыс болды

АҚШ-та 78 жасында пианиношы Ван Клиберн қайтыс болды. Ол ұзақ уақыт бойы сүйек қатерлі ісігімен ауырып, Техас штатында өз үйінде қайтыс болды

238 0

АҚШ-та 78 жасында пианиношы Ван Клиберн қайтыс болды. Ол ұзақ уақыт бойы сүйек қатерлі ісігімен ауырып, Техас штатында өз үйінде қайтыс болды.

Клиберннің даңқы елге 23 жасында 1958 жылы Мәскеуде өткен Чайковский атындағы тұңғыш халықаралық конкурстың жеңімпазы атанғанда жайылды. Одан жарты жыл ғана бұрын СССР әлемде брінші болып жасанды спутник ұшырып, ғарыш саласында АҚШ-ты басып озған  еді.

Клиберн конкурстың ақтық сәтінде шығармасын орындаған соң залдағы көрермендер сегіз минут бойы оған құрмет көрсетіп, қол шапалақтап тұрды.

1958 жылы советтік дирижер Кирилл Кондрашиннің жетекшілігімен Клиберннің орындауындағы "Фортепианоға арналған тұңғыш Чайковский концертінің жазбасы" басылып шықты. Бұл тарихта классикалық музыканың тұңғыш "платина альбомы" деген атпан қалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!