Алматы циркінің ұжымы "Мутурганчикке" қарсы шықты

Фотография - Алматы циркінің ұжымы "Мутурганчикке" қарсы шықты

Өнер ордасынан кезекті жік шықты

168 0

Өнер ордасынан кезекті жік шықты. Бұл жолы 40 жылдық тарихы бар Алматыдағы қазақ мемлекеттік циркінің әртістері басшылыққа қарсы.

Олар шоу-бизнесте "Мутурганчик" деген атпен жақсы таныс - Мұрат Мұтырғановты цирк директорының орынбасары қызметінде көргісі жоқ. "Ол басшылыққа келгелі берекеміз қашты", - дейді әртістер. Алайда кіші Мұтырғанов бұның барлығын "ішкі түсінбеушілік" деп отыр.

Осылай деген мына әртістер қауымы директордың орынбасары болып тағайындалған Мұрат Мұтырғановтің ісіне көңілдері толар емес. Айтуларынша, ол тек өзінің атын жарнамалаумен жүреді. Тіпті жас басшы жұмыс орнында да болмайды екен.

Десе де әртістерді ашындырып отырған бұл ғана емес, кіші Мұтырғановтың кісілікті ұмытқаны. "Білместік еттің" деп білгенін айтқан адамға бірден "жұмыстан кетесің" деп дүрсе қояды екен. Әсіресе, осы сөзді естіген цирк ардагерлері бала басшыға қатты ренжулі.

"Шынын айтсақ, оны сирек көреміз. Өйткені ол цирктен гөрі, телеарнада көп шығады. Ал орынбасарлыққа жай, қызық үшін келгендей. Бір жыл өтті, ұйымдастырғанымыз жалғыз фестиваль", - дейді Қазақ мемлекеттік циркінің Бас режиссері Марина Редько.

Осылайша кіші Мұтырғановтың ісіне көңілі толмағандар оның қызметтен кетуін талап етуде. Қарттар ғана емес, жастар да осы ұстанымда.

Ал Мұраттың өзі болса, бұның барлығын "ұжымдағы түсінбеушілік" дейді. Егер уақыт берсе, басшы ретіндегі біліктілігін бар қырынан танытпақ.

"Осының барлығын олар келіп менің бетіме айтса жақсы ғой. Маған жас маман деп Мәдениет басқармасы сенім артып отыр. Сондықтан оны ақтауға тырысамын. Ал "жұмыстан шығарады" дегенге келсек, ол өтірік. Мен директор емеспін ғой ондай шешім шығаратындай", - деп ренішін білдірді өз кезегінде Мұрат Мұтырғанов.

Десе де Қазақ циркінен қатысты шыққан бұл қиындыққа Мәдениет басқармасы тіл қатуды жөн көрмеді. Ал әртістер енді министрлікке шағым түсірмек ниетте.


Тегтер:

цирк

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!