Шварценеггер жұмыссыз қалмады

Фотография - Шварценеггер жұмыссыз қалмады

Әйгілі киноактер, Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер бодибилдингке қайта оралатын болды. Актер культуризмді насихаттайтын Flex және Muscle & Fitness журналдарының атқарушы директоры қызметіне тағайындалды

200 0

Әйгілі киноактер, Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер бодибилдингке қайта оралатын болды. Актер культуризмді насихаттайтын Flex және Muscle & Fitness журналдарының атқарушы директоры қызметіне тағайындалды. Басылымдардың иесі Дэвид Пекердің айтуынша, Шварценеггер осынау саланың мойындалған маманы және бұл қызметті ол қиналмастан алып кетуі тиіс.

"Оның еңбегі мен атағы біздің журналға қалың оқырман мен үлкен табыс алып келетініне сенімдімін" дейді Пекер.

Елге Терминатор деген атпен белгілі Арнольд жаңа қызметінде стратегиялық дамуды, жоспарлауды қолға алады. Сонымен қатар, журналдардан өзінің жеке айдарын ашып, оқырманға кеңестерін жазбақ.

Өзінің жаңа лауазымы жайында айта келе Шварценеггер аталған журналдардың арқасында танымал болғандығын мойындады. "Осы басылымдардың арқасында мен американдық арманыма жеттім" дейді актердің өзі. Айта кетейік, 1968 жылдан бері Арнидің суреттері осы журнал бетіне алпыстан астам рет шыққан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!