Павлодарда жас музыканттардың 47-ші облыстық фестивалі аяқталды

Фотография - Павлодарда жас музыканттардың 47-ші облыстық фестивалі аяқталды

Павлодарда балалар музыкалық мектептерінің жас пианистері мен хор ұжымдарының Павлодар облысының 75 жылдығына арналған 47-ші облыстық фестивалі аяқталды

196 0

Павлодарда балалар музыкалық мектептерінің жас пианистері мен хор ұжымдарының Павлодар облысының 75 жылдығына арналған 47-ші облыстық фестивалі аяқталды, деп хабарлады білім басқармасынан.

Оған аймақтың қалалары мен аудандарынан 249 музыкант қатысты. Қазылар алқасы оқушылардың орындаушылық шеберлігінің жоғары деңгейін, балалар арасындағы музыкалық білім беделінің артқанын атап өтті.

Павлодарлық «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешенінің және Екібастұз музыкалық мектебінің тәрбиеленушілері жыл сайын жоғары кәсіби деңгейлерін көрсетіп келеді.

Аталмыш мамандандырылған мекемелердің оқушылары биылғы фестивальда да сәтті өнер көрсетті. Нәтижесінде жас пианистер - екібастұздық Никита Абеков, дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың оқушысы Владислав Бгашев және павлодарлық № 1 музыкалық мектептің тәрбиеленушісі Ардақ Қапар бас жүлдені жеңіп алды.

Екібастұз, Павлодар қалаларының, Шарбақты және Баянауыл ауылдарының  музыка мектептерінің үздік хор ұжымдары ерекше атап өтілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!