«Кеден аруы-2013» байқауы өтті

Фотография - «Кеден аруы-2013» байқауы өтті

Маңғыстау облысының Кедендік бақылау департаментіндегі қыз-келіншектер «Кеден сұлуы -2013» байқауына қатысып, бақ сынасты.

172 0

Маңғыстау облысының Кедендік бақылау департаментіндегі қыз-келіншектер «Кеден сұлуы -2013» байқауына қатысып, бақ сынасты. Бұл туралы департаменттің баспасөз-қызметі мәлімдеп отыр.

«Кеден аруы - 2013» байқауына 16 ару қатысқан болатын. Байқау барысында бас жүлдеге үміткер арулар біліктілігі мен кәсібилігін танытудан алдарына жан салмай, бар қабілет-қарымдарын көрермен алдына жайып салды», деп хабарлады баспасөз-қызметі.

Сұлулар жарысы «Таныстыру», «Көркем қойылым», «Кешкі көйлектермен дефиле көрсету» кезеңдерінен құралды.

Байқау нәтижесінде үшінші орынды «Ақтау-кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекеттің қызметкері Нұржамал Беглембетова иеленсе, вице-мисс атағы кадрлар бөлімшесінің қызметкері Ақтолқын Майшеваға бұйырды. Ал «Кеден сұлуы - 2013» байқауының бас жүлдесін құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің маманы Баян Ісмағанбетова қанжығасына байлады. 

 


Тегтер:

маңғыстау

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!