"Х-адамдар: Өткен болашақтың күндері": актерлер құрамы

Фотография - "Х-адамдар: Өткен болашақтың күндері": актерлер құрамы

2011 жылы "Х-адамдар: Бірінші класс" ("X-Men: First Class") шыққаннан бері оның жалғасы туралы айтылып келеді.

286 0

2011 жылы "Х-адамдар: Бірінші класс" ("X-Men: First Class") шыққаннан бері оның жалғасы туралы айтылып келеді. Қазір "Х-адамдар: Өткен болашақтың күндері" ("X-Men: Days of Future Past") деп аталатын жаңа бөлімге түсетін актерлердің басым бөлігінің есімдері белгілі болып қалды.

Брайан Сингер түсіргелі жатқан фильмге: Майкл Фассбендер (жас Эрик Леншерр / Магнито), Джеймс МакЭвой (жас Чарльз Ксавьер / Профессор Икс), Хью Джекман (Логан / Росомаха), Дженнифер Лоуренс (жас Рейвен Даркхолм / Мистик), Шон Эшмор (Бобби Дрейк / Айсберг), Эллен Пейдж (Китти Прайд / Елес мысық), Анна Пэкуин (Мари / Роуг), Иэн МакКеллен (қартайған Эрик Леншерр / Магнито) және Патрик Стюарт (қартайған Чарльз Ксавьер / Профессор Икс) секілді, бұрын "Х-адамдар" сериясымен шыққан картиналарға қатысқан актерлердің түсетіні белгілі болып отыр.

Сондай-ақ, "Өткен болашақтың күндері" бөліміне Питер Динклэйдж (кейіпкері әзірге белгісіз), Холли Берри (Шторм образына қайта оралады) және "1+1" ("Intouchables") фильмінен жақсы таныс француз актері - Омар Си (кейіпкері әзірге белгісіз) секілді жұлдыздардың қатысатыны жарияланды.

Фильмдегі оқиғалар біздің заманымызда да, 1960 жылдары да қатар өтеді. Түсірілім 2013 жылы мамырда басталуы тиіс. Ал премьерасы 2014 жылдың 18 шілдесіне жоспарланған.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!