Алматыда Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған «Ғасыр әуені» көрмесі ашылды

Фотография - Алматыда Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған «Ғасыр әуені» көрмесі ашылды

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары енді сәуір айына дейін  ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде КСРО Халық әртісі.

180 0

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары енді сәуір айына дейін  ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр әуені» деп аталатын көрмені тамашалай алады.

Онда әйгілі сазгердің өмірі туралы кітаптар, фотоматериалдар, құжаттар және өзіне тиесілі жеке заттар мен сыйлықтар қойылған. Оның ішінде Сталин сыйлығының лауреаты белгісі, анасы Тәжібаланың өмірден ерте озған ұлын жоқтап жазған «Ана зары» мен «Толғау» атты қолжазбаларының түпнұсқасы, бірнеше музыкалық шығармаларды дүниеге әкелген роялін көруге болады.

М.Төлебаев есімі Алматыда көшеге, музыкалық мектепке беріліп, тұрған үйінде мемориал тақта және ескерткіш орнатылған. Жалпы М. Төлебаев 1913 жылдың 13 наурызында Талдықорған облысы, Бөрлітөбе Қарашаған ауылында дүниеге келген. 1933 жылы еңбек жолын бастаған ол 1938 жылы Мәскеу консерваториясы жанындағы Қазақ студиясында оқуға түсіп, Ұлы Отан соғысына байланысты оны тек 1951 жылы ғана бітіріп шығады. Одан кейін Қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері (1942-1944 жж.), Абай атындағы академиялық опера және балет театрының директоры (1955-1956 жж.), Қазақстан композиторлар одағының төрағасы (1953-1955 және 1959-1960 жж.) қызметтерін атқарды. КСРО Композиторлар одағының басқарма мүшесі және КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған ол 1945 жылы Е.Брусиловский және Л.Хамидимен бірге Қазақ КСР Мемлекеттік әнұранының музыкасы авторларының бірі болды. Сондай-ақ спектакльдер мен кинофильмдерге музыкалар, кантаталар, опералар, камералық-аспаптық туындылар және хорға арналған симфониялық шығармалар жазды. Олардың ішінде «Амангелді» (Ғ.Мүсіреповтің либреттосы) операсы, «Қазақстан» симфониялық поэмасы мен «Коммунизм оты» кантатасы сияқты шоқтығы биік ерекше туындылары бар.


Тегтер:

қоғам

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!