Отандық "Анаға арналған жұмақ" прокатқа шығады

Фотография - Отандық "Анаға арналған жұмақ" прокатқа шығады

Отандық прокатқа "Рай для мамы" ("Анаға арналған жұмақ") фильмі шыққалы жатыр.

182 0

Отандық прокатқа "Рай для мамы" ("Анаға арналған жұмақ") фильмі шыққалы жатыр. Қазақстанның "Tanaris" компаниясы өндірген бұл әлеуметтік драма елімізде 7 наурыздан бастап көрсетіле бастайды.

Фильмді қырғыз режиссері Актан Арым Кубат түсірген. Сюжетте отағасы Ресейге жұмыс іздеп кеткен үйдің мүшелері туралы баяндалады. Екі ұл мен ана өмірдің қиыншылықтарына қарамастан, хабарсыз кеткен әкеден үміттерін үзбейді.

Айта кетелік, "Анаға арналған жұмақ" 2009 жылы түсірілген. Осы уақытқа дейін бірнеше кинофестивальдарға қатысып үлгерді. Атап айтқанда, Ресейдің Орынбор қаласында "Шығыс-Батыс" фестивалінің гран-при жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ Германияның Висбаден қаласында өткен XII халықаралық фестивальда "Айқын көркемдік өзгешелігі үшін" номинациясын жеңіп алды. Бұлардан бөлек Чехияда, Кореяда, Израильде өткен кино жиындарына қатысқан. Қазір Армения, Грузия, АҚШ елдеріне шақырту алыпты.

Драмаға отандық актерлерден Ольга Ландина, Болат Қалымбетов, Жан Байжанбаев, және ресейлік актерлерден Михаил Жигалов пен Наталья Арынбасарова қатысты. Сценарий авторы - белгілі иран киногері, Азия киноакадемиясының президенті Мохсен Махмалбаф.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!