Аруларға арналған ерекше көрме

Фотография - Аруларға арналған ерекше көрме

Теміртауда Халықаралық әйелдер күнінде жігіттер ерекше шара өткізуде.

130 0

Теміртауда Халықаралық әйелдер күнінде жігіттер ерекше шара өткізуде.

Олар мұражайды сұлу бикештердің бейнелеріне толтырды. «Ең сүйіктім» экспозициясының авторы да жігіттер.

Теміртаулық ерлер сүйген жарларының суреттерін мұражайға әкеліп, Халықаралық әйелдер мерекесін ерекше атап өтті.  

Ләйлә ӘЛІКЕЕВА, мұражайдың бас қор сақтаушысы:

- Бұл жерде кәсіби  суреттер жоқ, бәрі үй жағдайында түсірілген. Біз барлығын А4 форматта басып шығардық. Фотоны қабылдағанда әлеуметтік жағдайына, жасына, түріне қараған жоқпыз, барлығын қабылдадық.

Ер азаматттар өз кезегінде мерекенің әдемі өтуіне бар жандүниелерін салған. Олар өздерінің сүйіктілерінің әдемі суретін таңдап қана қоймай, әдемі құттықтау сөздер де жазбақ болған.

Татьяна ТРИШИНА,қала тұрғыны:

- Менің көрмеге келген уақытта  таңқалғандығымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондай керемет. Әйелдер өте  нәзік. Сосын өз суретімді көрдім. Әр адамға мұндай сыйлық қуаныш әкеледі деп ойлаймын.

Көрмеге жүзге жуық әуесқой түсірілімдер қойылған. Қабырғаға ілінген суреттердің  ішінде жылы жүзді ананың, әженің, бақытты сүйген жардың суреттері бар.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!